Название мероприятия: Біз жарқын елдің ұрпағы
Дата проведения: 26.03.2021
Цель мероприятия: Фестиваль проводится с целью утверждения гражданско-патриотических ценностей молодежи в год 30-летия Независимости Казахстана.
27.01.2021 – 26.02.2021 арасында ЮНЕСКО клубы, ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласының «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының қолдауымен, жастардың азаматтық-патриоттық құндылықтарын нығайту мақсатында «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы» аясында «Біз жарқын елдің ұрпағы» атты үгітбригадалар республикалық онлайн фестивалі өтті. Аталмыш фестивальға лицейіміздің 11-сынып оқушыларынан құралған «АЙБЫН» командасы қатысты, жетекшісі алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Ахмадиев Марат Мазанович. Фестивальдың қорытындысы ZOOM онлайн-платформасында жүргізіліп, командалар арнайы сертификаттармен марапатталды.