Название мероприятия: «Еnglish is the key for the global Renaissance»
Дата проведения: 07.02.2021
Цель мероприятия: Апталықтың мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрете отырып, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру.
2021 жылдың 09 ақпан күні ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Құттыбаева 7 «А» сыныбымен қашықтықтан зум платформасы арқылы «Words and Pictures» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбын оқушылар пазлды құрастыру арқылы тапты. Сабақ барысында мәтінді оқып, медиа туралы өз ойларын айтып, мәтінді талқылады. Оқушылар тапсырмаға жақсы, қызығушылықпен дайындалғандарын көрсетті. Жаңа сабақты оқушылардың қаншалықты меңгергендігін анықтау үшін сабақ соңында тест тапсырмаларымен қорытындыланды.
Апталық барысында оқушылар мен мұғалімдерге арналған жәрмеңке, Kahoot!, Spelling Bee, Treasure Hunt,Pictionary ойындары ұйымдастырылып, караоке сайыстары өткізілді. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар берілді.
Апталық жоспар бойынша ofline форматта 9-сынып оқушылары арасында TED talks шарасы өткізілді. Бұл шарағада 6 оқушы әр түрлі тақырыпта жобаларын ұсынып, көпшілікке өз идеяларын таратты.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша TED talks жеңімпаздары анықталып, Өскемен қаласы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі ЮНЕСКО клубы және Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының қолдауымен даярланған арнайы дипломдармен марапатталды:
І орын -Тоқтамысов Бекжан 9 «Б» сыныбы
ІІ орын — Исанов Ерікжан 9″А» сыныбы
ІІІ орын — Жарысұлы Медеу 9″Б» сыныбы
Сонымен қатар белсенді қатысқан оқушыларға сертификаттар табысталды.