Название мероприятия: «Ақ жейдеге жаңа өмір» акциясы
Дата проведения: 08.02.2021
Цель мероприятия: Балаларды қайырымдылыққа, бауырмалдыққа үйрету
БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы арнаулы мектеп-интернаты-ЮНЕСКО клубы Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы жыл сайын «Начни год с добра!» акциясына қатысуға бел байлады. Балалар ақылдаса келе Орал қаласындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының кішкентай бүлдіршіндерінің суретін ақ футболкаға салып, өздеріне сыйлауды жөн көрді. Мектебіміздің оқушылары осы акция шеңберінде матаға арналған бояумен суретті футболкалар салып, балаларға сыйлады. Әрдайым балаларды қуантудан жалықпайық. Жақсылық жасауға асығайық!