Название мероприятия: Қазақ Арланы — 2021
Дата проведения: 26.02.2021
Цель мероприятия: Жарыстың мақсаты: — Өскелең жас ұрпаққа патриоттық, жолдастық, жауапкершілік сезімдерін тәрбиелей отырып, алғашқы әскери дайындық дағдыларын қалыптастыру. — Мектеп оқушыларын салауатты өмір салтына баулу, әскери-қолданбалы спорт түрлерімен шұғылдану. — Мектеп оқушыларын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге дайындау.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойының қарсаңында мектепте «Қазақ Арланы — 2021» әскери-спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Жарыс кезеңдері:
1. «Пневматикалық мылтықтан ату»
2. «Теориялық білім» — АК-74 Калашников автоматының арналуы және жауынгерлік сипаттамалары, сондай-ақ автоматтың құрылысын теория жүзінде жазу;
3. ҚР Қарулы Күштерінің әскери шендері
4. Күштік көпсайыс — етбетінен және шалқалай жатып денені көтеру.
5. Зілтемірді көтеру
Жарыс барысы өте тартымды болды. Оқушылардың жеңіске деген құштарлықтарын көрініп тұрды. Дегенмен де жарыстың аты жарыс емес пе, «Жеңіс бар жерде, жеңіліс болады» демекші. Жарыстың қорытындысы бойынша «Қазақ Арланы-2021» атағын, өзінің жеңіске деген құштарлығымен 11 D сынып оқушысы Гошенко Владимир тақымына салса, І орынды 11А сынып оқушысы Сұлтанов Санжар иеленді. Жүлделі ІІ орынды 11D сынып оқушысы Сариев Исламбек иеленді, ал жүлденің ІІІ орнын 11С сынып сыныптың оқушысы Рыскельдиев Нұрболат жеңіп алды. Жарысқа қатысып, бірақ орындарға ие болмаған оқушыларға «Жарысқа белсене катысқандығы үшін» сертификаттары табысталды.
АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы: Аденов Гани Аширалиевич