Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жаңа жылды жақсылықтан баста» акциясы аясында жәрмеңке өтті

Оқушыларды жақсылық жасауға баулу

Название мероприятия: Жаңа жылды жақсылықтан баста
Дата проведения: 30.01.2020
Цель мероприятия: Оқушыларды жақсылық жасауға баулу

30 қаңтар 2020 жылы Атырау қаласы химимя-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жаңа жылды жақсылықтан баста» акциясы аясында мектепішілік жәрмеңке өтті. Жәрмеңкені өткізуге оқушылардан ғана тұратын «Ықылас» және ұстаз-волонтер клубтары ат салысты.

Шараға мектеп оқушылары шаңырақтарының атынан қатысты. Мектебіміздегі 17 шаңыраққа арнап алдын-ала арнайы орын дайындалды. Сатылымға негізінен аспаздық тағамдар, тәттілер, сүт өнімдері шығарылды. Бұдан бөлек шыңырақтарға арнап дайындалған үстелдерден қолөнер бұйымдары кездесті. Мысалы, әшекей бұйымдары, экологиялық таза сөмкелер, тоқыма-тігін бұйымдары, кітаптар және т.б.

Жәрмеңкеде тек қана саудаға ғана емес, түрлі ойындар өткізуге де көңіл бөлінді. Мектеп оқушыларынан тұратын «Жас қанат» аспаптық муыканттары жәрмеңке бойы өз өнерлерімен көрермендерді тәнті ентті.

Оқушылар мен мұғалімдерді қызықтырған негізгі ойындар «Әуенді тану» мен «Қорапта не бар?» болды. Арнайы соманы төлеп ойнауға мүмкіндік алған оқушы жасырылған әуенді құлаққап арқылы таба алса шағын сыйлық, конфет, ұтып алады. «Қорапта не бар?» ойынында оқушы немесе мұғалім арнайы дайындалған қорапқа қолын салып, қорап ішіне не салынғанын таба алады. Егер тапса – шағын сый.

Жәрмеңке өте жоғары дәрежеде өтті! 2 сағат ішінде барлық тауар сатылып, жалпы жиналған сома 127000 тг-ні құрады.  Жиналған қаржы «Атырау – маленькая страна» қоғамдық ұйымына жіберілді. 6 ақпан күні ұйым жетекшісі Күмісқалиев Ерлан мырза қонаққа шақырылып, қолына сертификат табысталды.

Ссылка на отчетное видео