Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ғылымдағы ғалым-ханымдармен танысу көрмесі өтті

Оқушыларды ғалым-ханымдармен таныстыру

Название мероприятия: Халықаралық ғылымдағы қыздар мен әйелдер күні
Дата проведения: 28.02.2020
Цель мероприятия: Оқушыларды ғалым-ханымдармен таныстыру

2020 жылы 28 ақпан күні  Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ЮНЕСКО клубы Халықаралық ғылымдығы қыздар мен әйелдер күніне орай мектепішілік шара ұйымдастырды.

Шара «экспонат» стилінде өтті. Яғни, 1 оқушы бір ғалым ретінде киініп тұрып, оны жанында тағы бір оқушы тұрып түсіндірді. Мысалы, Мария Кюри болып киініп тұрған оқушыны екінші бір оқушы негізгі фактілермен сипаттады. Таңдалған ғалым-ханымдар: Каролина Лукреция Гершель, Мария Склодовская-Кюри́, Гипатия Александрийская, Розалинд Франклин, Гуляим Сейсенбаева, Хеди Ламарр.

Бұдан бөлек, клуб мүшелері ғалымдар жөнінде қысқаша фактілерден тұратын «фактілер қорапшасын» дайындады. Мысалы, «Мария Кюри Полонийді ашқан». Клуб мүшелері күні бойы қорапшадағы фактілерді мұғалімдер мен оқушыларға таратты.

Ссылка на отчетное видео