Қаражал қаласы ЮНЕСКО Клубы -Балалар өнер мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан желі» атты мерекелік іс шара өтті

1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу. Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

Название мероприятия: «Желтоқсан желі»
Дата проведения: 11.12.2020
Цель мероприятия: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл — әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу. Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

2020 жылдың 11 желтоқсан күні Қаражал қаласы ЮНЕСКО Клубы –Балалар өнер мектебінде  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан желі» тақырыбында мәдени іс-шара өтті.

Мәдени іс-шараға метебіміздің директоры Рахим Ә.Н., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Дюсекеева Б.Е., және де мектеп мұғалімдері қатысты. Аталмыш шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Тәуелсіздік күніне арналған мәдени шараның шымылдығын театр бөлімінің оқушысы Асанова Чолпон Айгүл Сағымбайқызының «Желтоқсан» атты өлеңімен ашты. Шара барысында тәуелсіздік жолында қаза болған жастарымыз жайлы және  егемендік жолындағы игі істері мен тәуелсіздігіміздің қалыптасу кезеңі туралы бейнеролик ұсынылды. Сондай-ақ, театр бөлімінің ұйымдастыруларымен шағын мерекелік концерт қойылды.

Мектебіміздің өнерлі оқушылары әуезді әндер айтып, сыңғырлаған домбырамен күй тартты. Әсіресе, «Жауқазын» оқушылар театры мүшелерінің орындауында «Желтоқсан желі» тақырыбында сахналық қойылым көрсетіліп, жиылған қауымды разы қылды.

Сөйтіп, еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына  орай ұйымдастырылған мәдени іс-шара өз мәресіне жетті.

Халқымыз аман болып, Тәуелсіз еліміз мәңгі жасай берсін, құрметті ағайын! Баршаңызға Тәуелсіздік мерекесі құтты болын!

Ссылка на отчетное видео