Алғыстың ақ раушан гүлдері

1 - наурыз - алғыс айту күні еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен жарияланғанын және алғыс кімге, не үшін айтылатынын айқындау.

Название мероприятия: Алғыс айту күні
Дата проведения: 03.01.2021
Цель мероприятия: 1 — наурыз — алғыс айту күні еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен жарияланғанын және алғыс кімге, не үшін айтылатынын айқындау.

Алғыс айту күні Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ақ раушан гүлдерінің жұпар иісіне толды. Мерекеде оқушылар мектеп пен мектеп жанындағы интернатта жұмыс істейтін 30-ға жуық кіші қызметкерге ақ раушан гүлдерін сыйға тартты.

Зияткерлер оларға құрмет көрсете отырып, шағын концерттік бағдарламасын да арнады. Домбыра мен қобыздың жұптасуында Нұрғиса Тілендиевтің әйгілі «Аққу» мен «Әлқисса» күйлері орындалды. Бейнеқұттықтаулар легін ата-аналардың тілектері жалғады.

Мектеп директоры Тимур Нуркешов өз құттықтауында қазіргі кезеңде жауапкершілік жүктері еселенген техникалық қызметкерлердің маңызды еңбегін атап өтіп, оларға мықты денсаулық тіледі.

Ссылка на отчетное видео