Алғыс айту күні мерекелік шара

Алғыс айту күні біртұтас бейбітшілік пен келісім достық ынтымаққа шақыру мақсатында тәрбиеленушілкрге ұғындыру

Название мероприятия: Алғыс айту парызым
Дата проведения: 01.03.2021
Цель мероприятия: Алғыс айту күні біртұтас бейбітшілік пен келісім достық ынтымаққа шақыру мақсатында тәрбиеленушілкрге ұғындыру

Мерекелеудің басты мақсаты азаматтық қағидаттарына негізделген қазақстандық бірегейлікті дамыту арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту болып табылады.  Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскен ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым — қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Ссылка на отчетное видео