Шығармашылық жолында.

Название мероприятия: «The Planet of Art» ЮНЕСКО қарамағындағы Халықаралық Фестиваль
Дата проведения: 07.11.2020
Цель мероприятия: Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністікті алға жылжыту, сондай-ақ әлем елдері балаларының арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.

 

Шығармашылық жолында.
2020 жылы ақпан және қазан айлар аралығында «The Planet of Art» атты ЮНЕСКО қарамағындағы Халықаралық Фестивалі ғалым- философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған. Фестиваль келесі мақсат бойынша өтті: Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністікті алға жылжыту, сондай-ақ әлем елдері балаларының арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.
Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ЮНЕСКО Клубі мүшелері  өз тәжірибелерімен алмасып, шеберліктерін арттыра отырып  Халықаралық Фестиваліне белсене қатысты.
Фестивальға қатысушылардың барлығы көп қырлы талантымен, жарқын көзқарасымен және өз шығармаларын үлгілі орындауымен ерекшеленді.
Жас суретшілер Абай мен Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармашылығымен жақынырақ танысып өлең жолдарындағы кейіпкерлерді, табиғат сұлулығын, сол кездің атмосферасын қағаз бетіне бейнеледі.
Өз жұмыстарын еркін техникада орындап «Абай жолы» номинациясы, «әл-Фараби әлемі» номинациясы және тағы басқа түрлі номинацияларына  композициялар құрастырып, ұлы ойшылардың еңбектеріндегі басты ойларды қағаз бетіне түсіруге ұмтылды.
          «The Planets of Art -2020» -байқауыйның нәтижелері бойынша Мұқатаев Тимур, Мұратұлы Мақсат 10D сынып, Идрисова Линара 4C сынып, Садыкова Сафия 4C сынып, Саин Назар 4C сынып, Қуанышбекова Алора 4C сынып, Алина Рамина 12 «С» сынып оқушысы және 11С cынып оқушысы Талапқызы Индира финалист атанып дипомдармен марапатталды. Сонымен қатар байқауға белсенді қатысып өнерлерін көрсеткен Құлжабай Тоқжан 9C сынып, Русланұлы Амир 3С сынып, Жалелқызы Ранона 6C сынып, Мамыр Шұғыла 10A сынып, Цой Рада 4C сынып оқушысы және  4C сынып оқушысы Бақыт Данияр сертификаттармен  марапатталды.
     Жобаны ұйымдастырған Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясына алғысымыз шексіз.

Ссылка на отчетное видео

Социальные сети

Казахстанская Национальная Федерация Клубов ЮНЕСКО
© 2021