07.02.2020 года, в городе Шымкент , прошло награждение победителей конкурса детского рисунка «Аяз салған өрнектер »

показать красоту родного края

Название мероприятия: Областной конкурс рисунка «Аяз салған өрнектер »
Дата проведения: 07.02.2020
Цель мероприятия: показать красоту родного края

Облыстық «Аяз салған өрнектер » атты сурет байқауын ұйымдастырушы    Шымкент қаласы  балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО клубы.  « Аяз салған өрнектер » атты дәстүрлі  облыстық сурет байқауының    мақсаты мен міндеттері:  Оқушылардың бойындағы туған жерге деген сүйіпеншілік сезімдерін ояту, туған өлкесінің ажарлы сәнін, әсем қысын бейнелеуге дағдыландыру, шығармашылық шеберлігін насихаттау және оны көрсету, қатысушылардың ой-өрісі мен көзқарастарын кеңейту, өздерінің көркемдік қабілеттері мен дағдыларын, қияли мен даралықтарын көрсетуге мүмкіндік беру. Тәжірибе алмасу мен кәсіби  шеберлікті  көтеру.  Байқауға қосымша білім беру мекемелері ЮНЕСКО Клубтарының  жасы  8  бен 17  аралығындағы оқушылар қатысты . Байқаудың ережесі бойынша «Аяз салған өрнектер»  атты облыстық балалар сурет  байқауына  Кентау Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО клубының атынан мектепішілік конкурстан  іріктелген  48  оқушының жұмыстары қатыстырылды.                                                                                                                       Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау  Шымкент  Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО Клубында өтті. « Аяз салған өрнектер » атты дәстүрлі  облыстық сурет байқауының қорытындысы бойынша  Кентау Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары:  Султанова Дильноза  БКМ-нің 3-сынып оқушысы ІІІ-орын  ( сынып жетекшісі: Абдуллаева Н.А.) ,  Сабыржан Ақжан  БКМ-нің 2-сынып оқушысы ІІІ-орын  ( сынып жетекшісі:  Карибаев А.М.) және «Номинация иегері»  Изатуллаева Фатима  БКМ-нің 1-сынып оқушысы ( сынып жетекшісі: Абдуллаева Н.А.)  жеңімпаздар атанып   арнайы дипломдармен және  естелік сыйлықтармен марапатталды. Облыстық сурет байқауына қатысқан 45 оқушы арнайы қатысушы сертификаттарымен марапатталды.

Ссылка на отчетное видео